388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да үскірік аяз қайта басталды

  • 756
  • UPD: 09:21, 28.01.2019
ШҚО-да үскірік аяз қайта басталды Altyn-orda.kz

Бүгін бірнеше күннен бері сынап бағанасы -8-10 градус қана суықты көрсетіп келген Шығыс Қазақстанда үскірік аяз қайта басталды.

Өскемен мен Семей қалаларында -28-29 градус аяз болып, таңғы ауысымдағы 1-11 сыныптар және 1-2 курстағы колледж студенттері оқу орындарына бармады. Абай, Алтай, Бесқарағай, Бородулиха сияқты шалғай аудандарды да үскірік аяз қысып, оқушылар кезектен тыс демалып жатыр. Ол аймақтарда температура 29-30, кей жерлерде 32-33 градусқа дейін төмендеген.

Хабар 24 телеарнасы