386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жасөспірімдер ісіне байланысты шұғыл комиссия шақырылады

  • 789
  • UPD: 13:54, 28.01.2019

Соңғы уақытта өңірлерде оқушылардың топтасқан әлемжеттік әреттері мен төбелестер түсірілген видеолар тарап кетті. Осы орайда жасөспірімдердің бұзақылық әрекеттерінің күрт көбеюіне байланысты ІІМ Үкімет жанындағы Жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысын шұғыл шақыруды ұсынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры:

- Ішкі істер министрлігі Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе облысында орын алған жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысын жедел шақырту жөнінде Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс енгізді. Ата-аналарды, оқу орындарының оқытушыларын жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында, қылмыстық жауапкершілік жасына жеткендері, ойланбай жасаған әрекеттерінің салдарлары туралы хабардар етуге шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы