384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалды

  • 668
БҚО-да киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалды

Елімізде киіктердің басымы Бетпақдала, Үстірт және Еділ-Жайық популяциясы кездеседі.

Саны жағынан ең көбі – соңғысы. Өткен жылғы санақ бойынша Батыс Қазақстан облысында 135 мың киік бар. Олар негізінен Қазталов және Жәнібек аудандарын мекендейді. Алайда қыстың қаттылығы, қардың мол түсуі бөкендердің биыл үдере көшуіне себеп болыпты. Күні бүгін желден жүйрік жануарлардың дені Нарын құмының оңтүстік бетіне, Атырау облысының Индер, Махамбет аудандарына ауған. Оңай олжа іздеген браконьерлерден бөкендерді қорғау үшін қосымша жедел топтар құрылыпты. Егер өткен жылы заңсыз киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалса, биыл осындай екі оқиға анықталған.

Дархан Саматов, «Охотзоопром» РМК Орал өңірлік филиалының басшысы:

– Қазіргі таңда жол талғамайтын көліктермен жабдықталған 48 инспектор бар. Қарда жүретін 8 техника бар. Және биылдан бастап жедел топ жасақталып жатыр. Ол топтар да қорғау саласына қосылады.

Хабар 24 телеарнасы