384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда жас тілшілер орталығы ашылды

  • 844
  • UPD: 20:57, 28.01.2019
Екібастұзда жас тілшілер орталығы ашылды

Екібастұз қаласындағы «Қайнар» білім беру кешенінде Жастар жылы шеңберінде телестудия ашылды.

Журналистикаға қызығушылық танытқан ұл-қыздар енді тілшілік пен операторлық қызметтің қыр-сырын меңгермек. Сонымен қатар «Мектеп жаңалықтары» атты топтама әзірлеп, көпшіліктің назарына ұсынады. Оқушылардың телевизиялық өнімдері әзірге әлеуметтік желілерде қолжетімді. Болашақта жергілкті телеарналардың эфиріне шығады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, жобаны шаһар билігі қолдап, 700 мың теңге көлемінде грант бөлген. Бұл қаражатқа студия жабдықталып, қажетті техникалық құралдар сатып алынды.

Айнұр Шавдинова, кешен жетекшісі:

– Болашақта Екібастұз қалалық телеарнасының эфиріне шығамыз. Біздің тілшілерге арнайы уақыт бөлінеді. Әзірге әлеуметтік желілердің көмегімен хабар таратамыз. Жас тілшілеріміз шеберліктерін шыңдап жатыр. Ол үшін техникалық мүмкіндіктер жетерлік.

Равиль Деушов, операторлық шеберхана оқытушысы:

– Оқушылардың ынтасы зор. Бейнематериал түсіріп, смартфондардың көмегімен монтаждай алады. Біздің мақсатымыз – оларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, теориялық біліммен бөлісу.

Хабар 24 телеарнасы