387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысының ТЖД күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

  • 672
  • UPD: 08:23, 29.01.2019
Ақмола облысының ТЖД күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр DailyNews.kz

Сақылдаған сары аяз күшіне мінді. Осы ретте Ақмола облысының төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі синоптиктер 28-29 қаңтар күндері аймақта -38 градусқа дейін аяз болады деп хабарлама таратты. Мәселен, кеше өңірде бірінші ауысымдағы 9-сыныпқа дейін сабақ тоқтатылды. Өйткені аяздың беті күндіз қайтқанымен, түнде және таңертең қатты болып тұр. Құтқарушылар қазір аймақ жолдарында полицейлермен бірігіп кезекшілік атқаруда. Ал жолда қалғандарға көмек көрсететін 230 жылыну бекеті бар. Онда адамдарға ыстық тамақ беріліп қана қоймай, медициналық көмек те көрсетіледі.

Нұрбек Мусин, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі:

- Қазіргі таңда аймақта ешқандай төтенше жағдай тіркелген жоқ. Барлық аудандар мен қалаларға аяз туралы алдын ала хабарлама таратылды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен де тығыз байланыстамыз.

Хабар 24 телеарнасы