384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде қоғамдық көліктер жаңартылады

  • 553
  • UPD: 09:50, 29.01.2019
Семейде қоғамдық көліктер жаңартылады

Семейдегі қоғамдық көліктердің тозығы жеткен. 20 жылдан бері жаңартылмаған автобустар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдің сапасыз техникалары жолаушылар тасымалымен айналысып жүр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін биылдан бастап халыққа отандық автобустар қызмет көрсететін болды. Бұл мақсатта мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында жаңадан кәсіпорын құрылып, шаһардағы көлік құрастыратын зауыттан 170 автобус сатып алу жөнінде келісімшарт жасалды. Жолаушылар тасымалымен айналысатын тағы бір семейлік кәсіпорын отандық 60 көлікті алуға ниет білдіріпті. Басқа қалалардан да тапсырыстар түсіп жатыр. Ал жергілікті зауыт биыл жыл соңына дейін 500 автобусқа дейін құрыстыруды жоспарлап отыр.

Әсемхан Досқожанов, кәсіпорын жетекшісі:

- Отандық автобустармен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді бағдарлама қабылданды. Қазір біз отандық автобустар шығаратын зауыттарға үлкен көмек болды. Қазір қосымша жұмыс орындары ашылып жатыр. Бізде 6 метрден 12 метрге дейін автобус шығарамыз. Мына бағдарлама өте дұрыс келіп тұр, неге десеңіз, қаладағы автобустардың бәрі ескі болғаннан кейін соның бәрін ауыстыру керек.

Хабар 24 телеарнасы