384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында сапаржай ашылды

  • 2204
  • UPD: 10:01, 29.01.2019
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында сапаржай ашылды

Енді елді мекендегі келімді-кетімді жолаушылар автобусты көше бойында күтпейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күніне 2 мың адамға қызмет көрсете алатын жаңа нысанды жергілікті кәсіпкердің бірі салған. Мемлекеттен жеңілдетілген пайызбен 25 миллион теңге несие алып, ісін бастапты. Сапаржайдың аумағы - 200 шаршы метр. 50 орындық асханасы, ана мен балаға арналған бөлмесі бар. Әзірге сапаржайға 16 бағытқа қатынайтын қоғамдық көліктер аялдайды. Келешекте 40-қа жеткізу жоспарда бар. Жалпы қазір облыста барлығы 9 аудан болса, соның бесеуінде ғана сапаржай бар екен. Қалған 4 елді мекеннің жұрты автобусты әлі күнге далада күтеді.

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда 100 мыңнан астам тұрғыны бар 200 ауылға тұрақты түрде қоғамдық көлік қатынайды.

Сәуле Сәтжанова, Жаңаарқа ауданының тұрғыны:

- Бүгін мынау сапаржай ашылып, сол қуанышқа ортақ болып отырмын. Өзім Жезқазған қаласына жол жүріп бара жатырмын. Бұрын автобусты далада, дүкендердің алдында күтіп тұрушы едік. Сапаржай ашылып, өте қуаныштымын.

Хабар 24 телеарнасы