389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте студент қыздар мектеп оқушыларының ұялы телефондарын тартып алған

  • 1106
  • UPD: 23:18, 29.01.2019
Шымкентте студент қыздар мектеп оқушыларының ұялы телефондарын тартып алған

Шымкентте колледж студенттері мектеп оқушыларына әлімжеттік көрсетіп, ұрып-соғып, ұялы телефондарын тартып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сорақысы сол, оқиғадан зардап шеккендер де, ал оларға күш көрсеткендер де қыз балалар болып шықты. 23 қаңтар күні шаһардағы №10 мектептен шыққан бұрымдыларды жолда тоқтатқан күдіктілер оларға күш қолдану арқылы байланыс құралдарын тартып алған. Осы дерек бойынша қалалық полиция қызметкерлері сол күні сезіктілерді ұстап, іс қозғалғандығын жеткізді. Күші тасыған қыздардың ерсі қылықтары дәлелденсе, 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл төлейді. Немесе төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығы шектеледі.

Әсел Сәденова, қалалық ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы:

- Күдіктілер күш қолдану арқылы ұялы телефондарын тартып алған колледж студенттері болып шықты. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 191-ші, яғни «Тонау» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы