378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қызылшаға шалдығу фактілері азайды

  • 1023
  • UPD: 23:15, 29.01.2019
Елімізде қызылшаға шалдығу фактілері азайды Zakon.kz

Оның ішінде өткен аптадан бері облыстарда аталмыш дертті жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Астанада бұл көрсеткіш екі есеге төмендесе, Алматыда бір ғана жағдай анықталған. Бұл жөнінде бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді.Оның айтуынша, аталмыш вирустың өршуіне эмиграциялық процестер себеп. Яғни арнайы зерттеу нәтижесінде аурудың қоздырғышы Еуропа елдерінен келгені анықталып отыр. Оған қарсы тұру үшін екпе алуды жіті қадағалау керек.

Айта кетейік, елімізде қайта вакцинациялау әрбір алты жыл сайын өткізіліп тұрады.

Жандарбек Бекшин, ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері:

- Қазір басым жағдайда өз анасынан жатырішілік иммунитет алмаған балалар қызылшаға шалдығып жатыр. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алу үшін вакцинациялаудың маңызы зор. Сол себепті, ата-аналарды балалардың екпе алған-алмағанын тағы бір тексеріп, дер кезінде екпе алуға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы