389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ІІМ мен ҚХА алдағы екі жылға арналған ортақ жоспар түзді

  • 790
  • UPD: 23:14, 29.01.2019
ҚР ІІМ мен ҚХА алдағы екі жылға арналған ортақ жоспар түзді

Еліміздегі этностардың достық қатынасын нығайтуға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ішкі істер министрлігі бірлесе күш салмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатта олар алдағы екі жылға арналған ортақ жоспар түзді. Мақсат – ұлтаралық кикілжіңдердің алдын алып, даулы мәселелерді бейбіт әрі заң жолымен шешу. Сондай-ақ қоғамдағы жастарды татулыққа, отансүгйіштіктікке тәрбиелеп, бір-біріне қамқор болуға үндейтін іс-шараларды көптеп өткізуді көздеп отыр. Бүгін Астанада ассамблея мүшелері мен құқық қорғау органдарының өкілдері бас қосып, жаңағы келісімдегі міндеттерді жүзеге асыру жолдарын пысықтады.

Әміржан Әлпейісов, ҚХА Астана қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы:

- Бізде этникалық мәдени орталықтар бар. Олардың басшылары этнос өкілдерің кім және қайда жұмыс істейтінін жақсы біледі. Сондықтан біз сол адамдарды білеміз, олармен қалай жұмыс істеудің жолын білеміз. Сондықтан біз осындай мәселелерге көп көңіл бөліп, ішкі істер қызметкерлерімен бірге тәлім-тәрбие жүргізбекпіз.

Хабар 24 телеарнасы