389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коворкинг орталығы атыраулықтардың сүйікті орнына айналды

  • 1189
  • UPD: 23:50, 29.01.2019

Атырауда Ғабдол Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханасы жанынан ашылған коворкингтік орталық тұрғындардың сүйікті орнына айналып үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда келушілердің дені жастар. Оларға емтиханға дайындалуға, дипломдық жұмыстар жазуға, шығармашылық жобалармен айналысуға жақсы жағдай бар. Орталық толықтай интернет жүйесімен қамтылған. Бұл жер сондай-ақ оқушылардың да сабақтан бос уақыттарын өткізулеріне қолайлы. Мұнда олар үшін түрлі зияткерлік ойындар ұйымдастырылады. Бүгінде Атырау қаласында 2, аудан орталықтарында 7 коворкинг орталығы жұмыс істеп тұр.

Алтай Сүлейменов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы:

- Коворкинг орталығында ата-аналар балаларымен бірге уақыттарын тиімді өткізіп, кез келген ақпаратты интернет жүйесінен алып, өз керектеріне жарата алады. Орталық сұранысқа ие. Келешкте осы орталықты кеңейту жоспарда тұр.

Хабар 24 телеарнасы