384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ең жоғарғы жалақы еліміздің қай өңірінде?

  • 1043
  • UPD: 10:00, 30.01.2019

Ең жоғарғы жалақы еліміздің қай өңірінде? Ұлттық экономика министрлігінің мамандары бұл сауалға жауап тапқан.

Олардың деректеріне сенсек, тау-кен өнеркәсібінде және мұнай-газ саласында еңбек ететіндердің айлық ақысы орта есеппен 370 мың теңгеге жуықтайды. Екінші орынды қаржы және сақтандыру ісімен айналысатындар еншілепті. Олардың табысы айына – 310 мың теңге. Үздік үштікті ғылыми және техникалық жұмыстарды атқаратындар түйіндеген. Бұл салада қызмет қылып жүргендер айына 290 мың теңге алады. Ал білім саласында, орман және балық шаруашылығы, әлеуметтік қызмет көрсету ісінде еңбек етіп жүргендердің айлық табысы өзгелерге қарағанда анағұрлым аз екен.

Хабар 24 телеарнасы