378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк: «7-20-25» тәжірибесі автокөлік несиелендіруге қолданылады

  • 706
  • UPD: 16:10, 30.01.2019

«7-20-25» бағдарламасы тәжірибесінің негізінде автокөлікті де несиеге беру көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет таяу арада оны іске асыру тетігін әзірлейді. Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы осындай жаңалықпен бөлісті. Бас банкирдің пікірінше, бұл шара экономикаға мультипликативті әсерін тигізеді. Әрі елімізде көлікке сұраныс артады. Сондай-ақ Данияр Ақышев кезінде банктерге сауықтыру мақсатында берілген несие кері қайтпай отырғанын айтып шағымданды. Мәселен, соңғы 7 қаржы ұйымын жабу есебінен екі банкті сауықтыруға шамамен 5 трлн теңге жұмсалған. Бірақ олар осы уақытқа дейін алған қарызын қайтармаған. Бұл әсіресе шағын бизнеске қатысты. Себебі олар жеке капиталы болмаса да, төмен үстемақымен жаңадан несие алғысы келеді. Ал қайта несиелендірілген қарыз өсіп келеді. Бұл ретте Президент қарызын өтемегендерді жазалауды тапсырды.

Ал өңірлерде «7-20-25» бағдарламасының талабына сай келетін тұрғын үйлердің құрылысы әлдеқайда қарқындай түседі. Данияр Ақышев осындай пікірде. Бүгінде бағдарламаны Ұлттық банк бағдарламаны жандандыра түсу үшін Үкіметке тиісті шаралар тізбегін ұсынды. Яғни тұрғын үй құрылысын одан сайын қарқындатып, бағдарламаға қатысушылардың тізбегін кеңейту. Қазір бұл бастамалар талқыға салынуда.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

– Бағдарлама былтыр шілде айында іске қосылды. Оны іске асыратын «баспана» операторы құрылды. Қазір 8 ірі банк жобаға атсалысып келеді. Олар еліміздің барлық аймағын қамтып отыр. 128 филиалы жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы