389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Қазақстанның тарихи-мәдени жерлері туралы 30 бейнематериал таныстырылды

  • 928
Алматыда Қазақстанның тарихи-мәдени жерлері туралы 30 бейнематериал таныстырылды

Бүгін Алматыда «Almaty nomad» саяхатшылар клубы Қазақстанның тарихи-мәдени жерлері туралы 30 бейнематериалды таныстырды.

«Туған жер: Қазақстанның асыл мұрасы» жобасына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры қаржылай қолдау көрсеткен. Түсіру тобы Қазақстанның оңтүстік, батыс, солтүстік аймақтарын аралап, көрерменге таныс емес тарихи нысандар жайында танымдық деректерді жинап, көрерменге ұсынады. Мәселен, бейнероликтер құпияға толы «Ақыртас» кешені, Айша бибі кесенесі, ежелгі қалалар – Отырар, Сауран, Түркістан, Испиджаб тағы басқа тарихи ескерткіштердің беймәлім сырын ашқан. Авторлар әр нысан туралы белгілі археологтар, этнограф, дінтанушылар мен мәдениеттанушылардың зерттеуіне сүйенген. Жобаны жүзеге асыруға сегіз ай кетіпті. 5-8 минуттық танымдық роликтер үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарық көрді.

Мадина Ашилова, жоба жетекшісі:

– Елімізде 35 мыңнан аса мәдени ескерткіш бар. Біз соның тек отызын қамтыдық. Ендігі мақсатымыз – жобаны еліміздің басқа аймақтарында жалғастыру. Дайын бейнематериалдарды ютуб желісіне орналастырдық. Кез келген отандасымыз қарап, тәрбие сағаттарына пайдалануына болады.

Хабар 24 телеарнасы