389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаста 45 келіге жуық иесіз заттар табылды

  • 539
Қорғаста 45 келіге жуық иесіз заттар табылды

Қорғас шекара отрядының аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығын шолып жүріп, шекарашылар Қазақстанға қарай шыға берісте жалпы салмағы 45 келіге жуық иесіз заттар тауып алды.

Бұл жолы табылған заттар әдеттегідей дәрі-дәрмек емес, бірақ қытай ем-домына керек-жарақ дүниелер екен. Атап айтқанда, ыстық балауыз, сонымен бірге «алтын инелер». Жүктің 10 келіге жуығы бас жуатын сабынсулар болып шықты.

Табылған заттар актіленіп, Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды.

Сонымен қатар Петропавл шекара отрядының «Қарақоға-авто» өткізу бөлімшесінде 2003 жылы шығарылған «Субару Легаси» автокөлігімен Ресейден келе жатқан 1987 жылғы қазақстандық ұсталды. Ұсталу себебі – автокөліктің ұрланғандығынан хабар беретін белгілер. Дәлірек айтсақ, шанақ нөмірінің тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмеуі. Ұсталған азамат автокөлігімен бірге М. Жұмабаев ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы