389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкіметтің кеңейтілген отырысында студенттерді жатақханамен қамту мәселесі көтерілді

  • 944
  • UPD: 15:20, 30.01.2019

Үкіметтің кеңейтілген отырысында «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асу барысы сөз болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда 43 миллиард теңгеден астам сомаға 3 мың 600-ге жуық несие берілген. Ал келіп түскен 8 мың өтініштің жалпы құны – 92 миллиард теңгенің шамасында. Бағдарлама арқылы баспаналы болуды көздейтіндердің саны бойынша Астана және Алматы қалалары көш бастап тұр.

Сондай-ақ Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында студенттерді жатақханамен қамту мәселесі де көтерілді. Былтыр 2440 орын беріліпті. Биыл бұл көрсеткішті көбейту жоспарланып отыр. Ерболат Досаевтың айтуынша, жаңа нысандардың құрылысын жүргізу үшін 100 жер телімі анықталды. Сонымен қатар 12 келісімшартқа қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы