432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік құтқарушылар «Қауіпсіздіктің иісі» акциясын өткізді

  • 828
  • UPD: 18:49, 30.01.2019
Өскемендік құтқарушылар «Қауіпсіздіктің иісі» акциясын өткізді

ШҚО ТЖД мен Өскемен қ.ТЖБ қызметкерлері «Қауіпсіздік иісі» атты ерекше акция өткізді.

Құтқарушылар қала тұрғындары мен көрші аудандардан келетін азаматтардың ең көп баратын автокөлік базарында жоғары өтімділікті арнайы техникалардың көрмесін ұйымдастырды.

Оны көрсеткеннен кейін құтқарушылар сатып алушылар мен нарыққа келушілерді дауыс зорайтқыш байланысы арқылы қысқы кезеңде жолдағы жүріс-тұрыс қағидалары және қар құрсауында қалған кезде әрекет ету керектігі туралы құлақтандырды. Акция кездейсоқ өткен жоқ, өткен аптада ғана ауа райының күрделі жағдайына байланысты облыс трассаларының бірінде өткел пайда болды, бұл 231 бірлік техника мен 700-ден астам адам санындағы автокөліктердің жүруіне қиындық туғызды және олар қар құрсауынында қалды.

Ең бастысы ТЖ қызметінен шұғыл қызмет телефондары бейнеленген автовокзал маңайында орналасқан автокөлік және автобус жүргізушілеріне арналған хош иістендіргіштер болды. Акциямен барлығы 200-ден астам автокөлік иелері қамтылды.

«Хош иістендіргіштер «иісімен» ғана назар аудармайды, сондай-ақ төтенше жағдайларда адамдардың өмірін сақтап қалатын телефон нөмірлерін еске салады. «Қауіпсіздік иісі» акциясы қауіпсіздік мәселелерін сақтауға азаматтардың назарын аударуға бағытталған», - деді төтенше ведомстволардың ұйымдастырушылары.

Құтқарушылар алдын ала дауылды ескерту туралы ақпарат келіп түскен кезде жүргізушілерді қаладан тыс жерлерге шықпауларын өтінді.

Хабар 24 телеарнасы