429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Енді қазақстандықтар мемқызметтерді мобильді қосымша арқылы ала алады

  • 1286
  • UPD: 21:01, 30.01.2019

Халыққа қызмет көрсету орталықтары халықтың қалтасында. Енді қазақстандықтар аталмыш мекемелерге бармай-ақ мемлекеттік қызметтерді мобильді қосымша арқылы ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін бұл туралы Мемлекет басшысына Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев айтты. Мәселен кешегі бір күннің өзінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 115 мың, ал Электронды үкімет арқылы 179 мың қызмет көрсетілген.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Бүгінде 1 млн 400 мыңнан астам адам мобильді үкіметті пайдаланады. Кеше оларға 12582 қызмет көрсетілді. Яғни телеграмм секілді мобильді қосымшаның көмегімен. Ал бұл әдісті біз бір ай бұрын ғана іске қостық. Осы жұмысты әрі қарай жалғастыра берсек, азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталықтарына да барудың қажеті болмайды. Демек, Халыққа қызмет көрсету орталықтары әрдайым халықтың қалтасында жүреді деп айтсақ, артық болмас.

Хабар 24 телеарнасы