378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Автокөлік сатып алуға жеңілдетілген несие берілмек

  • 787
  • UPD: 21:14, 30.01.2019

Бүгінгі алқалы отырыста Ұлттық банк басшысы «7-20-25»-тің үлгісінде автонесиелеу бағдарламасын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл отандық автокөлік өнеркәсібін дамытуға дем берер еді», - деді Данияр Ақышев. Бастаманы отандық сарапшылар да қолдайды. Тек бұған дейінгі тәжірибеміз зерттеліп, ескі қателіктер ескерілсе деп отыр.

Ерлан Кәрімов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталығының жетекші маманы:

- Бұл бағдарламаның бір кемшілігі болды. Мәселен, сіз автомобильді 4% алатын болсаңыз, пайызын 7 жыл төлейсіз. Егер несиеңізді 2 жылда, үш жылда жабатын болсаңыз, сіз сол 4% төлейсіз. Осыны қайта қараса, егер мен 7 жылға алсам да, 2 жылда төлесем, банкке де халыққа да тиімді болар еді.

Хабар 24 телеарнасы