384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семей маңында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа полигон салынады

  • 570
  • UPD: 22:11, 30.01.2019
Семей маңында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа полигон салынады

Семей қаласының маңында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа полигон салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде жергілікті әкімдік жер телімін бөлді. Көп ұзамай онда инфрақұрылымдық желілер тартыла бастайды. Қала басшылығы тұрмыстық қалдық шығарумен айналысатын 12 кәсіпорынның жұмысымен танысып, кейбіріне қатаң ескерту жасады. Жаңа талаптарға сәйкес, қоқыстар арнайы сұрыптаудан өтіп, бөлек-бөлек жинақталуы тиіс. Бұл талапты кейбірі толық орындай бермейтін көрінеді.

Ермак Сәлімов, қала әкімі:

- Жаңа полигон қаладан 15 шақырым қашықтықта орналасады. Оған озық технологияларға бағытталған заманауи жобалық-сметалық құжат жасалуы тиіс. Яғни, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинайтын арнайы қондырғылар, көліктер болады. Еуропалық Даму және қайта құру банкі қаржыландыратын жоба болғандықтан жұмыстар кезең-кезеңмен жүзеге асады. Биыл құжаттарды реттесек, келесі жылдан бастап нақты іске кірісеміз.

Хабар 24 телеарнасы