383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі ақпараттық саясаты талқыланды

  • 1121
  • UPD: 15:22, 31.01.2019

Мәскеуде саясаттанушылар мен ғалымдар Ресейдегі Қазақстанның ақпараттық саясатын талқыға салды, деп жазады «Хабар 24».

Мәскеу мемлекеттік универститетінің тарих факультетінде өткен дөңгелек үстелде сарапшылар Қазақстанда Ресей туралы, ал Ресейде Қазақстан туралы көзқарас қалай қалыптасатынын және осы ретте диаспораның орны қандай екенін анықтауға тырысты. Шараны Ресей-Қазақстан IQ клубы ұйымдастырды. Пікірсайысқа «Хабар» Агенттігі мен «Қазконтент» компаниясының өкілдері, YouTube-тің қазақстандық сегментінде танымал блогерлер және ресейлік саясаттанушылар мен тарихшылар қатысты. Бұл шара «Қазақстан орысша» мемлекетаралық жоба аясында өткен. Оның мақсаты – гуманитарлық, ақпараттық, мәдени және тарихи салаларда Ресей мен Қазақстан арасында серіктестік ауқымын кеңейту. Талқы барысында сарапшылар «Хабар 24» және «Kazakh TV» арналарының Ресейде хабар таратуынан оң әсер күтетінін айтқан.

Өркен Кенжебек, «Хабар» Агенттігі арнайы жобалар қызметінің шеф-редакторы:

- Бүгінгі отырыста қазіргі жаңа Қазақстан, жаңа Ресей арасындағы стереотиптерді бұзып, көзілдірікті шешіп тастап, жаңа көзқарас қалыптастыру туралы айтылады. Бұған көмектесетін шаралар – мәдени шаралар. Өйткені кезінде Роза Бағланова апамыз «Ах, Самара-городок» әнін қалай айтқаны, не болмаса Димаш осы Ресей сахнасын қалай бағындырып жүр деген секілді. Менің ойымша, осы мәдени шаралар ынтымақтастыруы керек.

Алтынбек Құмырзақұлы, «Қазақстан тарихы» порталының редакторы:

- Бұл жердегі жалпы мақсат – Ресей астанасы Мәскеу төріндегі қазақ мәдени орталықтары, қазақ диаспорасының тыныс-тіршілігі, олар туралы жергілікті басылымдар қандай ақпарат беріп жатқаны, сондай-ақ еліміздегі Елбасының бағдарламалары, «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» болсын, бұдан бөлек еліміздегі БАҚ саласындағы жеке тың көзқарастары туралы жергілікті журналистер қандай көзқараста материалдар жазып жатқандары туралы білуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы