388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде сұранысқа ие болатын мамандықтар тізімі жасалады

  • 1499
  • UPD: 15:15, 31.01.2019
Елімізде сұранысқа ие болатын мамандықтар тізімі жасалады

Елімізде жаңа кәсіптер атласы жасалады, деп жазады «Хабар 24».

Осыған орай бүгін қазақстандық және ресейлік бірнеше компания  құжатты әзірлеу жөніндегі меморандумға қол қойды. Атлас болашақта қысқа, орта және ұзақмерзімді сұранысқа ие болатын мамандықтар мен дағдыларды айқындап бермек. Жалпы, еңбек нарығына қандай мамандықтар қажет? Келешекте дәл осы жүйеде қандай түйткіл мәселелер туындауы мүмкін. Сарапшылар осы жайттарға қазірден назар аудару керек деп санайды. Бұл жоба елімізде кәсіби бағдарлаудың тұғырнамасын жасауға да септігін тигізбек.

Саясат Нұрбек, білім беру орталығының жетекшісі:

- Бұқараға түсінікті қарапайым құрал жоқ. Сондықтан біздің мақсатымыз – осындай ұлттық атласты құрастыруды бастау. Мектептің шеңберінде Ресейдің ең мықты 15 шақты маманының арқасында методологиялық әдістерін үйренді. Өзіміздің пилоттық жобамызды бастадық. Мақсатымыз – белгілі бір салада, мәселен, тау-кен саласында өзіміздің форсайтымызды жасау.

Хабар 24 телеарнасы