388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызметкерлердің үстеме жұмыс көлемі азайды

  • 898
  • UPD: 15:14, 31.01.2019
Мемлекеттік қызметкерлердің үстеме жұмыс көлемі азайды

Соңғы бірнеше айда еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің үстеме жұмыс көлемі 63 процентке азайды, деп жазады «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Мемлкеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінде үстеме жұмыс 80 процентке төмендетіліп, 3100 сағаттан 606-ға дейін қысқарған. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрлігінде қызмет атқаратын мамандар да үйлеріне бұрынғыдан ерте қайтатын болған. Агенттік өкілдерінің хабарлауынша, өңірлердегі жағдай да біртіндеп тұрақталып келеді. Атап айтқанда, Ақмола облысы мен Алматы қаласында мемлекеттік қызметкерлердің үстеме жұмыс істеу фактілері мүлдем жойылған.

Мәдина Наурызбек, ҚР МҚІСЖҚІА департамент директорының міндетін атқарушы:

- Осындай фактілер мемлекеттік қызметшілердің жұмысына теріс әсер етеді. Осыған байланысты агенттікпен автоматтандырылған уақытты қадағалау жүйесі деректерді талдаудың негізінде профилактикалық жұмыс арқылы, икемді жұмыс кестесін енгізу арқылы, жұмыс компьютерлерін автоматты түрде өшіру арқылы мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыстарының азаюына көңіл бөлінеді.

Хабар 24 телеарнасы