Сарапшылар: Көлікті «7-20-25» негізінде несиеге беру саланың дамуына сеп болады
Биылдан бастап отандық автокөлік «7-20-25» бағдарламасының негізінде несиеге беріле бастауы мүмкін.
Бұл ретте Ұлттық банк бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын. Бұл туралы Президенттің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында айтылған еді. «Бұл отандық көлік құрастыру саласының дамуына мүмкіндік береді», – дейді сарапшылар.
Сергей Домнин, ҚР Тұңғыш президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы:
– Көліктерді несиеге беру бастамасы жылдан жылға дамып келеді. Демек бұл саланың болашағы зор. Егер біздің елде жеңілдетілген несиелендіру қолға алынса, бұл көлік құрастыру саласын алға сүйрейді. Оған қоса, осы бастама импортты алмастыруға серпін береді. Импорттық тауарлардың өсуін тоқтатады.