417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада автокөліктердің өртенуі жиілеп кетті

  • 913
Астанада автокөліктердің өртенуі жиілеп кетті Елорда Инфо

Автокөліктердегі өрттердің шығу себептерінің бастысы – ол электр құрылғыларындағы орын алатын қысқа тұйықталу, деп хабарлайды Елорда Инфо Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өткен жылы елорда аумағында 178 автокөлік жану оқиғасы орын алды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 10,6% артық. Автокөліктердегі өрттердің шығу себептерінің бастысы ол электр құрылғыларындағы орын алатын қысқа тұйықталу, ол өз кезегінде жалпы өрт санының 89,3% құрайды.

Автокөліктерді ұзақ жылдар бойы механизмдері мен электрқұрылғыларының ақаулықтарымен қолдану, сонымен қатар рұқсат етілмеген электр құрылғыларын орнату және қолдану көп жағдайда сол құрылғылардың қызуына, қысқа тұйықталуына алып келеді.

Тұрақта тұрған жеңіл автокөліктің моторлы бөлігінде өрт орын алған жағдайда жалын 8-10 минут ішінде салонға таралады, ал өз кезегінде осы салон толыққанды 1-3 минут ішінде түгел дерлік жанып кетеді.

Төтенше жағдайлар департаменті егерде автокөлік жанған жағдайда не істеу керектігіне кеңес береді.

Жолда келе жатсаңыз дереу тоқтап, өрт сөндіргішті алып дереу өртті сөндіруге кірісу керек. Егерде өрт сөндіргіштің көмегі өртті сөндіруге жетпесе немесе ол жұмыссыз күйде болса дереу 101 нөмірі бойынша хабарласып, өрт сөндіру бөлімдерін шақыру қажет және алдағы кезекте өртті сөндіруге құм мен қарды қолдану қажет. Өрт автокөліктің салонында орын алса мүмкіндігінше есіктер мен терезелерді ашық қалдырмау қажет. Өртті сөндіруді есікті немеесе терезені аздап қана ашып жүргізу қажет. Мүмкіндік болса аккумулятор сымдарын ажыратқан жөн.

Хабар 24 телеарнасы