387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында 30 бөбекжай қолданысқа беріледі

  • 927
  • UPD: 23:40, 31.01.2019

Маңғыстаулық бүлдіршіндер балабақшадан таршылық көрмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл соңына дейін облыс аумағында жаңадан 30 бөбекжай қолданысқа беріледі. Бұл жобалар жергілікті кәсіпкерлердің демеуімен жүзеге асып жатыр.

Бұл – Батыр ауылында өткен айда ашылған 100 орындық жекеменшік бөбекжай. Қазір мұнда 78 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Бала саны жаз келгенге дейін толығады. Іскер әйел ашқан балабақша ұжымына таяуда көркем гимнастикадан сабақ беретін жас маман қосылды. 

Гүлжанар Қонысбаева, кәсіпкер:

– Мектепке дейінгі дайындыққа байланысты барлық талаптарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Орыс, ағылшын тілі және музыка сабақтары және аптасына бір рет балаларға массаж жасайтын кабинетіміз бар. Штатта 21 жұмысшы. Барлығы да – Батыр ауылының тұрғындары.

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 292 балабақша жұмыс істеп тұр. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 39 737 бала тәрбиеленуде. Тағы 1383 сәби бөбекжайдан үмітті. Биыл 30 балабақша қолданысқа берілсе, өзекті мәселе түбегейлі шешіледі.

Асқар Сейдалиев, білім басқармасы басшысының м.а:

– Өткен жылы біз 36 балабақша ашқанбыз. Осы жылы 30 балабақша ашу жоспарымызда бар. Жалпы 3-тен 6 жасқа дейінгі балабақшалардың үлесі 97,2 пайызды 2018 жылы құрады. Осы жылы толық жүз пайыз қамтимыз деген жоспардамыз.

Айта кетейік, жаңа балабақшалар 1862 орынға есептелген. Олардың құрылысына бюджеттен қаржы жұмсалған жоқ. Барлық шығынды аймақ кәсіпкерлері көтеріп отыр.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы