388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау өңіріндегі көне қорымдардың құпиясы ашыла бастады

  • 714
Атырау өңіріндегі көне қорымдардың құпиясы ашыла бастады

Атырау тарихи өлкетану мұражайы жаңа мұрағаттармен толықты.

Археологтар былтыр жазда Қызылқоға ауданы аумағындағы «Миялы қорғаны» кешенінен жүзге тарта құнды жәдігер тапқан еді. Мамандар бұл дүниелердің тарихын біздің дәуірімізге дейінгі 4-3 ғасырда Хазар теңізін мекендеген сарматтар дәуірімен байланыстырып отыр. «Қанатты пырақ бейнесіндегі алтын сырға, күміспен күптелген кісе, ат ауыздықтары, және қоладан құйылған шағын қазан сол заманда Каспий маңы өңіріндегі дамыған өркениетті айғақтайды», – дейді археологтар. 

Айдос Кәрім, археологиялық ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы:

– Бұл табылған жәдігерлер ерте темір дәуіріне жатады. Біздің жерімізде өмір сүрген тайпалар алтынды, күмісті, темірді пайдалана білген. Олардан құралдар жасаған.

Хабар 24 телеарнасы