385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда синтетикалық есірткіге әуес 128 бала тіркеуде тұр

  • 570
Қазақстанда синтетикалық есірткіге әуес 128 бала тіркеуде тұр

Нашақорлықпен жасөспірімдер де әуестеніп жүр. Қазір ел бойынша арнайы орталықтардың тіркеуінде 128 бала тұр.

Дәріханаларда тап есірткідей болмаса да, залалы зор кей препараттар рецептсіз сатылып жатады. Жағдайды ушықтырып тұрғаны да сол. Өткен жылдың өзінде осындай 101 дәріхананың иесі жауапқа тартылды. Сосын есірткіні онлайн саудалайтын арамзалар айылын тияр емес. Бұл – да үлкен проблема. Олар берісі Ресей, арысы АҚШ-та отырып-ақ саудасын қыздырып жүр. Жүзбе-жүз кездеспеген соң, оларды әшкерелеу де оңай емес.

Ольга Агапова, «Свободные люди» қоғамдық қорының директоры:

– Статистикаға сүйенсек, нашақорлық жасөспірімдер арасында да белең алып барады. 14-15 жастағы балалар дәріханалардағы құрамында есірткісі бар дәрілерді пайдаланады. Өсе келе синтетикалық есірткіге көшеді. Бұл елімізде рецепт бойынша дәрі сату мәдениетінің қалыптаспауын көрсетеді әрі жүйелі қадағалау болмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы