384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жасөспірімдер арасындағы төбелестің жиілеуіне не себеп?

  • 1254
Елімізде жасөспірімдер арасындағы төбелестің жиілеуіне не себеп?

Соңғы уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы төбелес пен топтасып әлімжеттік көрсету тым жиілеп кетті.

Есте болса, өткен аптада Түркістан өңірінде бір топ бала қатарластарын соққыға жыққан еді. Әлеуметтік желіге тарап кеткен бұл видеоларды құзырлы орған өкілдері іле-шала тексеруге кіріскен. Шымкентте де осыған ұқсас жайт жұрттың жағасын ұстатты. Ал Ақтөбедегі төбелестің соңы бала өлімімен аяқталды. Жанжал кезінде 10 сынып оқушысы өзінің қатарласына пышақ сұғып алған. Бұл оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, мектеп директоры қызметінен қуылды.

Әсет Оспанов, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқармасының бастығы:

– Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыс бойынша қызметтік тексерістер жүргізіледі. Тексеріс жүргізген кезде себептер мен жағдайлар анықталады. Бұрын жағдайы нашар отбасылардың балалары жиі қылмыс жасайтын, бірақ соңғы уақытта жағдайы жақсы, толық қамтылған отбасылардың балалары жиі қылмыс жасайтын болған.

Хабар 24 телеарнасы