389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда облыстық онкологиялық диспансер ұлғайтылды

  • 682
  • UPD: 08:37, 01.02.2019
Петропавлда облыстық онкологиялық диспансер ұлғайтылды

Солтүстік Қазақстанда облыстық онкологиялық диспансер ұлғайтылды. 2012 жылдан бері бұл мәселе өңірде өткір тұрған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны шешу үшін ел қазынасынан 320 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде емхана жанынан жалпы аумағы екі мың шаршы метрден асатын қосымша корпус тұрғызылып, пайдалануға берілді. Бүгінде жаңа ғимараттан сәулелік диагностика бөлімшесі, реанимация және гистологиялық зертхана орын тепті. Енді ақ халаттылар барлық операция түрлерін осында жасай алады. Дей тұрғанмен, облыс бүгінгі күні обыр ауралары бойынша елімізде көш бастап тұр. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарға скринингтен уақытылы өтіп тұруға кеңес береді. Мәселен өткен жылы осындай алдын алу шараларының арқасында 91 адамнан қатерлі ісікті ерте кезден анықтау мүмкін болды. Жалпы айта кету қажет, былтыр осы обыр ауруынан облыста 619 адам көз жұмған екен.

Ермек Әбдірімов, облыстық онкологиялық диспансер бас дәрігерінің орынбасары:

- 2017 жылға дейін бізде ең бірінші өкпенің обыры болатын. 2018 жылдан бастап емшек безінің ауруы біздің облыста да бірінші орынға шықты. Екінші орынға - өкпе, үшінші - тері, төртінші - асқазан. Сондықтан бізде скринингтер жүріп жатқан. Оның бәрі осы бізде жиі кездесетін ауруларды уақытында тауып, өзіне сәйкес емін жасауға мүмкіншілік береді.

Хабар 24 телеарнасы