385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Цифрлық технологияларды пайдалану құқықбұзушылықтың азаюына әсер етті ме?

  • 953
  • UPD: 14:32, 01.02.2019

Түркістан қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көшелерге 400-ге жуық жаңа жол белгілері орнатылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыру мақсатында күннен қуат алатын 80 дана жарықтандырғыш қойылған.

Жалпы Түркістан қаласында қауіпсіздік пен тыныштықты және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін 41 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.

Барлық камераларды қалалық ішкі істер басқармасының жедел орталығы өз бақылауында ұстап отырады. Оған жергілікті бюджеттен 38 млн теңге қаржы қаралған. Сонымен қатар Түркістан қаласының аумағына жолда жүру ережелерін автоматты түрде анықтайтын «Интегра» және «Трафик-Сканер» жүйелері орнатылып жатыр. Одан бөлек, облыс аумағында 3 жылжымалы «КРИС-П» жүйесі жұмыс істейді. Ал қаланы жарықтандыру бойынша 6 көшеге 160 дана күн энергиясы арқылы жарықтандыратын электр бағаналары орнатылды. Одан бөлек, көшелерге түнде жанатын 400-ге жуық жаңа жол белгілері қойылды. Ал жаяу жүргіншілер жолын жарықтандыру үшін 20 млн теңгеге 80 дана күннен қуат алатын шамдар орнатылды.

Қазір менің қасымда облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков мырза тұр. Ішкі істер органдарын цифрландыру жұмысы облыста қалай жүзеге асуда? Жалпы цифрлық технологияларды пайдалану құқықбұзушылықтың азаюына әсер етті ме?

Алмасхан Тастанбеков, облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы басшысы:

- Цифрлық технологияларды қолдану жүргізушілердің тәртіп деңгейін арттыруға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысын байланыссыз бақылауды да мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн.

Жалпы «Қауіпсіз аула» жобасы бойынша Отырар мөлтек ауданында жоғары сапалы 8 бейнекамера жұмыс істейді. «Соның нәтижесінде мөлтек ауданда құқықбұзушылықтың төмендегені байқалады», - дейді мамандар. Ал «Қауіпсіз мектеп» жобасы аясында қаладағы №17 Ататүрік мектебіне де осындай камералар орнату жоспарлануда. Биыл облыс әкімінің қолдауымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық полицейлер планшеттік құрылғылармен қамтылады. Ал патрульдік полициясының барлық қызметкерлері бейнетіркеуіштермен 100% жарақтандырылған.

«Мұндай жүйелер «адами фактор» мен сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге өз септігін тигізеді», - дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы