384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


IKomek орталығына 6 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған

  • 485
  • UPD: 17:49, 01.02.2019
IKomek орталығына 6 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған

ІKomek орталығына қала аумағында орналасқан 6 мыңнан астам камера қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Бірыңғай байланыс орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізінен камералар СОО, мешіттер, ірі аялдамалар, вокзалдар сияқты адамдар көп жиналатын жерлерді қамтиды. Қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы ІKomek орталығының операторлары тәулік бойы мектеп, аула, үйлердің кіреберістері және т.б. аумағын бақылайды.

«Бейнебақылау камераларының арқасында азаматтар еш алаңдамай, құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуіне сенімді бола алады. Камераларды пайдалану құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, «нөлдік төзушілік» қағидасын ұстана отырып, ІKomek орталығының операторлары белгіленбеген жерге қоқыс тастау, көлікті дұрыс қоймау, темекі тұқылының қоқыс жәшігінің маңына тасталуы жайттарын тіркейді, рұқсатсыз төгілген қоқыс алаңдарын, көшелер мен КТҮ аулаларын су басуды және басқа да құқықбұзушылықтарды анықтайды», – делінген Іkomek хабарламасында.

Мұнан басқа, анағұрлым тиімді үйлестіруді және қауіпсіздікке орталықтандырылған мониторинг жасауды қамтамасыз ету үшін ІKomek орталығында Астана қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері отырады.

Хабар 24 телеарнасы