378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды

  • 609
  • UPD: 23:27, 01.02.2019
Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды

Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығындағы (2010-2014 жылдар) көрсеткіштер қандай.

770 жоба жүзеге асырылды

75000 жұмыс орны құрылды

***

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы (2015-2019 жылдар)

2015-2017 жылдар 378 жоба жүзеге асырылды

31000 жұмыс орны құрылды

2018 жылдар 100 нысан іске қосылды

13 мың жұмыс орны құрылды

Елімізде осындай инновациялы өндірістің өрістеуі Индустрияландыру бағдарламасымен тікелей байланысты. Жалпы, 2010-2014 жылдар индустрияландырудың бірінші бесжылдығында 3 трлн теңге жеке инвестицияға 770 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 75 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталғалы (2015-2017 жылдар) 3,1 трлн теңгенің 378 жобасы іске қосылып, 31 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. 2018 жылдың өзінде жалпы сомасы шамамен 1,2 трлн теңге болатын 100 нысан іске қосылып, 13 мың адамға жұмыс берілді, деп жазады «Хабар 24».

Хабар 24 телеарнасы