431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда нан бағасы тұрақты

  • 2236
  • UPD: 23:22, 01.02.2019
Атырауда нан бағасы тұрақты Liter.kz

Елімізде ұн қымбаттағандықтан нан бағасы да көтеріле бастады, деп жазады «Хабар 24».

Дегенмен кей облыстар баға тұрақтылығын сақтап отыр. Соның бірі – Атырау. Онда халық ең көп тұтынатын әлеуметтік нан қымбаттамайды. Қазір қалада 1-сұрыпты ұнның келісі – 115 теңге. Облыс орталығының күндік қажеттілігі 37 мың бөлке нан. Жылына 3 мың тонна ұн тұтынады. Әзірге жергілікті наубайханаларда ұн қоры жеткілікті. «Сондықтан алаңдауға негіз жоқ», – дейді жауапты сала мамандары. 

Руслан Дәулетов, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- 65 теңге бағаны бекітіп беріп отырмыз. Енді біздің қала бойынша 14 наубайхана бар. Олардың кейбіреулері 55 теңге, кейбірі 60 теңге бағасын ұсынып отыр. Бірақ бөлшек саудада сол 65 теңгеден аспайды.

Хабар 24 телеарнасы