389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық шаруалар өнімді делдалсыз саудалай алады

  • 966
  • UPD: 23:23, 01.02.2019

Қарағандыда республика бойынша алғаш ашылған көтерме-логистикалық орталық фермерлерге осындай мүмкіндік ашты, деп жазады «Хабар 24» тілшісі.

Қазір қоймалар мен контейнерлік алаңның құрылысы аяқталуға жақын. Ерте көктемде логистикалық орталық алғашқы өнімдерді қабылдай бастайды.

Жаңа көтерме-логистикалық орталық толық замануи технологиялармен жабдықталған. Бірден 150 көлік қабылдай алатын орталықтағы сауда электронды жүйемен жүзеге асырылады. Ал шет елден келген өнімдерді еш қиындықсыз қабылдау үшін кедендік тіркеуден өткізетін алаң бар. Жаңа кешен авто және теміржол инфрақұрылыммен қамтылған.

Наиль Мунасипов, көтерме-бөлшектеу орталығының коммерциялық директоры:

- Біз Қазақстандағы көтерме-бөлшектеу орталығын салу бағдарламасына кірдік. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша несиені субсидиялық мөлшерімен алып, бұл жобаны іске асыру мүмкіндігіне ие болдық.

Қазір климатикалық және құрғақ қойма терминалдары дайын. Қысқы мерзімде сақтауға бірден 12 мың тоннаға жуық азық-түлік, жеміс пен көкөніс, балық пен етті қабылдай алады. Кешен фермерлерге өз өнімдерін делдалдарсыз сатуға мүмкіндік береді.

Алмас Айдаров, облыс әкімінің орынбасары:

- Қазір көкөніс тасымалдайтын жүк транспорттарының Қарағандыға жаппай кіру маусымы басталды. Тауар көп болған соң олар өнімдерін көтерме бағамен алатын саудагерлерге сата салуы мүмкін. Саудагерлер болса оны бөлшектеп сатады. Ал жаңа қойма көкөністерді жақсы күйінде сақтап, көтерме және бөлшектеп сатуға мүмкіндік беріп отыр.

Жаңа үлгідегі сауда алаңы 60 гектарды алды. Келешекте логистикалық орталықтың аумағы 130 гектарға дейін ұлғаймақ. Сонымен қатар орталықта азық-түлікті өңдеу мен өндіруді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов, Асет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы