413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Теріс – Ащыбұлақ» әскери полигонында жауынгерлік оқ атудан жаттығулар өтті

  • 2393
«Теріс – Ащыбұлақ» әскери полигонында жауынгерлік оқ атудан жаттығулар өтті

Жамбыл облысында 91 678 «Теріс – Ащыбұлақ» әскери полигонында жауынгерлік оқ ату және роталық тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда ұрысқа қарсы іс әрекетте ортақ тапсырманы орындау, командирлердің топ құрамында жұмыс істеуі пысықталды. Сондай-ақ дайындықтан өткен сарбаздар ұрыс жүргізудің қағидаларын меңгерді. Жаттығудың әрбір кезеңі жауынгерлік атыспен аяқталды. Бұр ретте олар бірігіп марш жасап, қорғаныс әдістерін орындап, шабуылдау амалдарын жасады.

Қуаныш Ермекбаев, 91678 әскери бөлім командирінің орынбасары:

– Жаттығуларды сапалы өткізу мақсатында орталық заманауи құрылғылармен жабдықталды. Бұл орталық оқу жаттығуларды жоғары деңгейде өткізуде мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы