405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ауыл жастарының форумы өтті

  • 2173
  • UPD: 22:02, 02.02.2019

Алматыда «Ауыл» ұлттық демократиялық партиясының ұйымдастыруымен Бірінші Республикалық жастар форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын барысында ауыл жастары елді мекендердің дамуы үшін өндіріс пен шағын кәсіпті дамытуға арналған жаңа жобаларын ұсынуға дайын екендігін жеткізді. Оған қоса, жас өрендер мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасы мен кәсіпкерлікті дамытуға ат салыспақ ниетте.

Республиканың барлық өңірінен шақырылған 300 жас маман Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде бас қосты. Басты мақсат – жастар жылында табысты жобалар мен жемісті жұмыстарды бірлесе іске асыру. Бірінші Республикалық жастар форумы аясында ауыл шаруашылығына қатысты көрме ұйымдастырылды. Сала мамандары болса «әр ауылда шағын және орта кәсіп дамыса, ауыл жастары көптеп жұмысқа тартылады», дейді.

Айнұр Әлімбекова, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің докторанты:

- Ауыл жастары біздің ғылыми зерттеу институттарына келіп, тәжірибесін, өзіне керекті маңызды нәрселерді, кеңестерді алса деп ойлаймын. Өйткені ғылыми-зерттеу институттарының беретін пайдасы өте көп. Қазіргі кезде жылыжаймен айналысып жатқан ауыл жастары болса, өз көмегімізді бере аламыз. Яғни, сол жылыжайды аз шығынмен мол өнім алуға көмектесеміз.

Елбасының бастамасын қолдау мақсатындағы форумға қатысқан жастар ауылды дамыту мәселесі турасындағы жоспарларын ортаға салды. Мамандардың айтуынша, «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға» және «Бинес бастау» бағдарламалары жастар үшін үлкен қолдау болып отыр. 

Жәнібек Бекбауов, ұстаз:

- Колледжімізден 300-дей маман жыл сайын оқуды тәмамдайды. Осы бітірген түлектер жұмыспен қамтылса деген өзімнің ұсынысым бар. Осыны «Ауыл» демократиялық партиясы қолға алса деген ұсынысымды білдіргім келеді.

Форумға қатысқан жас өрендер өзге де жастарды  ауылды дамытуға ат салысуға шақырды. Өйткені ауылшаруалығы ел экономикасының негізгі қайнар көзіне айналу керек.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Владимир Бовкис, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы