418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түлкібаста саятшылық өнерді насихаттайтын «Салбурын» фестивалі өтті

  • 2566
  • UPD: 22:40, 02.02.2019

Түркістан облысы Түлкібас ауданында «Салбурын» атты саятшылар мен аңшылардың фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараның мақсаты - ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, туризмді дамыту. «Алдағы уақытта бұл шараның деңгейін республикалық һәм халықаралық деңгейге дейін көтеру ойда бар», - дейді ұйымдастырушылар. Яғни түркітілдес мемлекеттердің ортақ бренді әрі дәстүрлі мерекесіне айналады. Фестиваль бүркіт пен тазы салу сайыстарымен басталды. Өзара мықтыны анықтаған бүркітшілер мен жеті қазынаның тілін түсінген саятшылар мерекеге келген қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Шара аясында қонақтар «Салбурын» саятшылық мерекесіне арналған көрмемен де танысты. Мерекеде әр сайыстың түріне байланысты бағы жанғандардың мерейі үстем болып, бірқатар құсбегілер мен тазы баптаушылар марапатқа ие болды.

Бауыржан Тұрниязов, құсбегі:

- Негізі саятшылық атадан балаға қалған мұра деп есептеймін өзім. Оны жалғастырғым келеді ары қарай. Ұрпақтарға өнеге еткім келеді. Қыран құс болған соң бұларды жақсылап баптап аңға салсаң, өз құмарыңнан шығасың.

Сейділхан Ілесбай, саятшы:

- Негізі «тазы деген бір кездері бір ауылды баққандай» дейді ғой атам қазақ. Сол дәстүрді жалғастырып жатырмын. Биыл жақында осымен бір түлкі ұстадым. Осыдан кейін тағы екі тазым бар. Бұл Сары дәу дейтін итім. Күшік кезінен, бір айлығынан баптап, өзім ауыздандырып үйреттім.

Хабар 24 телеарнасы