Петропавлдық 2 сынып оқушысы жастарға арналған smart саябақтың үлгісін жасап шығарды.
Нұржан Шәміл қиялындағы ойын «жасыл экономикаға» сүйене отырып жүзеге асырған. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» деп аталатын жастардың демалыс орнында күн сәулесінен жанатын жарық шамдар орнатылған. Ал smart орындықтарда ұялы телефон қуаттауға болады. Саябақтың тағы бір ерекшелігі, ұлттық нақыштылығында. Ортасында алтыбақан, ал жан-жағы, ою-өрнектелген гүлдермен көмкерілген. 8 жастағы баланың бұл еңбегіне бүкіл отбасы атсалысқан. Әкесі Жанболат Нұрмағамбетов оның үлгісін сәулетшілерге беруге дайын.
Нұржан Шәміл, «Әл-Фараби» мектеп-лицейінің оқушысы:
- Мұнда адамдар демалады. Суретке түседі. Таза ауамен тыныс алады. Менің ойымша, саябақ қалада салынса екен. Біздің қала әдемі болады.