384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда екі мектептің құрылысы басталды

  • 539
  • UPD: 15:01, 03.02.2019
Қостанайда екі мектептің құрылысы басталды

Білім ошақтары облыс орталығында салынады.

Әуежай шағын ауданында 900 орындық мектепті жаңа оқу жылында тапсыру жоспарланған. Ал келесі жылы құны 6 миллиард теңге болатын білім нысаны Юбилейный ықшамауданында бой көтереді. Қос оқу ордасы сынып тапшылығын шешіп, үш ауысымдық білім беруді жояуы тиіс. Айта кету керек, бүгінде Қостанай қаласында 1900 оқушы орны жетіспейді. Үш ауысымдық жүйе үш мектепте енгізілген.      

Бағила Ибрагимова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Облыс бойынша апатты 3 мектеп бар. Амангелді, Әулиекөл және Қарасу аудандарында. Бұлар мемлекеттік тілде білім беретін мектептер. Жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік сараптама өткізіп, оның қорытындысы алынды.

Хабар 24 телеарнасы