383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жастар саясатын қолдауға 638 млн теңге бағытталады

  • 1156
  • UPD: 19:32, 03.02.2019

Жамбыл облысында кәсіп ашуға ынталы ауыл жастарына қолдау көрсетілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрар Рысқұлов ауданында қазір 18 бен 29 жас аралығындағы тұрғындардың арнайы тізімі жасалып жатыр. Олардың бірқатары кәсіпкерлік негіздерін оқып, өз жобаларын ұсынуға дайын отыр. Басым көпшілігі мал шаруашылығына ден қоймақ. Ал бұған дейін іс бастап, бизнесін дөңгелетіп отырған табысты жастар әлеуметтік маңызды шараларды жүзеге асыруды қолға алған.

Санжар Бекенов 23 жасында мал шаруашылығын дамытуға кірісті. Ол мемлекеттік қолдаумен 5 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, 13 бас жылқы алды. Көктем шыға төлдетіп, түлік санын көбейтпек. Ал Берік қымыз өндірумен айналысады. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған ауылдастарына тегін қымыз таратып, елдің алғысын алып жүр.

Берік Әміреев, Абай ауылының тұрғыны:

– Қымыз денсаулыққа өте пайдалы. Әрі қарай кәсібімізді шағын несие алып жалғастырсақ деген ойдамыз.

Тұрар Рысқұлов ауданында тұратын 65 мың халықтың 22 проценті – 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Биыл олардың кәсіпкерлікке бет бұруына басымдық берілмек. 

Айбек Сәрсенханұлы, Тұрар Рысқұлов аудандық жастар ресурсы орталығының директоры:

– 1 миллион теңге мен 500 мың теңге көлемінде грант бөлу мәселесін қарастырып, жоспарлап отырмыз. Біз «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен ақылдасып, комиссия құрдық. Осы комиссияның шешімі арқасында жастар өздерінің бизнес жобаларын қорғап сол жеңген өтімді жобалар сол гранттың иегері атануына мүмкіндігі бар.

Қазір ауданда кәсіп ашуға ниетті 90-ға жуық жас тіркелді. Олар жалпы құны 340 миллион теңгенің жобасын ұсынып отыр. Біразы «Бастау» бизнес жобасымен оқып, сертфикат алды. Олар мал бағып, егін егіп, қызмет көрсету бағытында кәсіп ашпақ.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан

Хабар 24 телеарнасы