425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда көктемде көпқабатты 11 үй пайдалануға беріледі

  • 1534
Түркістанда көктемде көпқабатты 11 үй пайдалануға беріледі

Түркістан қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлер сәуір айында тапсырылады.

Соның нәтижиесінде аумағы 47 мың шаршы метр болатын 660 пәтерлі 11 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл баспаналар алдымен тұрғын үй кезегінде тұрған, баспанаға мұқтаж жандарға, толық емес отбасыларға және бюджеттік қызметкерлерге үлестіріледі. Бүгінгі күні бұл баспаналардың көбінің шатыры жабылып, ішкі монтаж жұмыстары жүргізілуде. Ал «7-20-25» бағдарламасымен 336 пәтерлі 6 үй бой көтеруде. Сонымен қатар алдағы қараша айында «Нұрлы жер» бағдарламасымен тағы да салынып жатқан 540 пәтерлі 9 тұрғын үйдің құрылыс аяқталады. Демек, биылдың өзінде Түркістандағы «Отырар» шағын ауданында мың жарымнан астам адам қоныс тойын тойламақ.

Ерсұлтан Ахметов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары:

– Түркістан қаласында 8560 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. 26 үйдің ішінде 6 үй «7-20-25» бағдарламасымен салынып жатыр. Осы бағдарлама бойынша жұмыстар атқарылып, қазіргі таңда 100-ден аса адам қызығушылық танытып отырған жағдайы бар. «7-20-25» бағдарламасымен берілетін үйлер шілде айында тапсырылады.

Хабар 24 телеарнасы