384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде медицина қызметкерлеріне қатысты қозғалатын қылмыстық іс саны артты

  • 869
  • UPD: 08:00, 04.02.2019

Қазақстанда жыл сайын 200-ден 400-ге дейін медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалады. Мамандар әлемдік тәжірибеде дәрігерлік қателік мәселесі өршіп тұр.

2014-2017 жылдар аралығында салада 1700-ден қылмыстық құқық бұзушылық орын алды. Оның дені қызметтік міндетін дұрыс атқармау бойынша тіркелген. Жазатайым жағдай да кездесері анық. Дегенмен, жұмысына салғырт қараудың нәтижесінде Гиппократ антын бұзғандар да аз емес. Елімізде заңсыз түсік жасау мен негізсіз клиникалық сынақ жүргізу, белгіленбеген препаратты қолдану, науқасқа тиісті көмекті көрсетпеу, заманауи ем тәсілдерін тиімді пайдаланбау, жемқорлыққа жол беру сияқты әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Хабар 24 телеарнасы