384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде тарихи ғимарат өртінен 2 адам қаза тапты

  • 393
  • UPD: 12:10, 04.02.2019
Мәскеуде тарихи ғимарат өртінен 2 адам қаза тапты

Мәскеуде 20-ғасырдың бас кезінде салынған тұрғын үй өртеніп, 2 адам қаза тапты. 42 тұрғын аман-есен құтқарылды. Олардың арасында 8 бала бар.

Тарихи ғимараттағы өрт жергілікті уақытпен түнгі сағат 4-тер шамасында басталған. Нәтижесінде кейбір қабаттағы төбелер құлаған. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, лаулаған жалын толық сөндірілген.

Хабар 24 телеарнасы