385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада өртенген баспананы ТЖД өкілдері күзде өрт қауіпсіздігіне тексерген

  • 1182
  • UPD: 14:00, 04.02.2019

Астанада түнде жанып кеткен үйді өткен күзде ғана Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері рейд кезінде тексергені анықталды. Департамент мамандарының мәліметінше, тұрғынжайдың иелеріне сол кезде тиісті ақпарат беріліп, пеш жағу барысындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілген.

Естеріңізге сала кетейік, өткен түнде елордада үй өртеніп, тілсіз жау бес бірдей баланың өмірін жалмаған еді. Қыршыннан қиылғандардың ең кішісі бір жасқа да толмаған.

Аягөз Фазылова, қалалық ТЖД Баспасөз қызметінің басшысы:

- Өрт кезінде ата-аналары болмаған. Олар жұмыста болған. Қазір өрт келтірген залал есептелуде. Өрттің себебі анықталуда. Зерттеу зертханасы жұмыс істеуде. Астана қаласының ТЖД барлық қала тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға ескертеді. Өйткені от жағу маусымына байланысты өрттер жиіліп кетті.

Хабар 24 телеарнасы