428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз - ТЖД

  • 1029
  • UPD: 13:45, 04.02.2019
Балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз - ТЖД Pinterest

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жазатайым жағдайларды болдырмау үшін сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбаңыз, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмаңыз. Жыл бойы кемінде үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы алдында пеш пен түтіндікті күйеден тазалаңыз. Жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, жас балаларға жанып жатқан пешті қарауды тапсырмаңыз. Үй ауласындағы аумақтарды таза ұстау, қоқыстар мен қалдықтарды жақпау, ыстық көмір мен күлді құрылысқа жақын төкпеу. Заттарды, киімдерді пешке жақын кептірмеңіз. Балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, бүгін түнде Астана жеке үйден өрт шығып, бес бала қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы