Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дели әуежайында Қазақстан азаматы жалған әуе билетімен ұсталды

  • 350
  • UPD: 16:58, 04.02.2019
Дели әуежайында Қазақстан азаматы жалған әуе билетімен ұсталды Tripway.com

Дели әуежайында Қазақстан азаматы жалған әуе билетімен ұсталды.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге келіп түскен ақпаратқа сәйкес Дели қаласының әуежайында Қазақстанның бір азаматын әуе билетін қолдан жасағаны үшін жергілікті полиция ұстады. Ол 10 мың рупий көлемінде айыппұл төлегеннен кейін босатылады. Қазір ол Дели қаласында», - ресми өкіл.

Оның айтуынша, Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің консулы ұсталған азаматқа қолдан келген көмекті көрсетуде.

«Төлқұжаты жергілікті полицияның қолында. Айыппұлды төлегеннен кейін қайтарып береді», - деді Айбек Смадияров.

Хабар 24 телеарнасы