384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада қаза тапқан балалардың ата-анасы жұмыста болған

  • 1385
  • UPD: 18:02, 04.02.2019

Балалардың ата-анасы қайғылы оқиға кезінде түнгі ауысымда жұмыста болған.

Анасы пластикалық карта шығаратын зауытта, ал әкесі көлік жөндеу орталығында еңбек етеді екен. Астана әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваның ресми ақпаратына сүйенсек, балалардың әкесі 1984 жылы, анасы 1986 жылы дүниеге келген. Өрттен көз жұмған екі қыз төртінші және алтыншы сынып оқушылары. Ал 2014 жылғы бүлдіршін балабақшаға барып жүрген. Көршілер қаза тапқан балалардың ата-анасы, ішімдік ішпейтін, тірлігі тиянақты адам деп суреттейді. Қайғыға душар болған отбасы уақытша баспанада тұрған. Оның өзі туыстарынікі болып шықты. Бірақ олар үй кезегіне өтініш бермеген. Бұған дейін жанұяға өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша екі рет ескерту жасалыпты.

Эльвира Жүргенбаева, Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Б.Сұлтанов осы қайғылы оқиға орын алған отбасыға барып, өзі жағдайды көріп, көңіл айтып шықты. Сол жерде аудан басшысы А.Тұрлыбекке осы барлық отбасына қажетті көмекті ұйымдастыру қажеттігін, материалдық, қаржылық, медициналық және басқа да қажетті көмектерді беру туралы өз тапсырмасын берді. Одан басқа дәл қазір осы қайғылы оқиға орын алған отбасымен, балалардың ата-анасымен түнгі 3-тен бері тиісті психологиялық жұмыстар жүріп жатыр. Тиісті мамандар жұмыс істеп, дәл қазір жандарында отыр.

Хабар 24 телеарнасы