389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам обырдан көз жұмады

  • 600
  • UPD: 23:38, 04.02.2019
Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам обырдан көз жұмады Газета "Литер"

Бүгінде 180 мыңға жуық азамат диспансерлік есепте тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай ведомство ұсынған деректерге сүйенсек, дертке шалдығу көрсеткішінде сүт безі обыры көш бастап тұр. Онан кейін өкпе қатерлі ісігі, үшінші орында асқазан обыры, төртінші орында жатыр мойны мен тоқ ішек обыры тұр. Бүгінде аты жаман аурудың алдын алу мақсатында отандық 365 онколог-маман кәсіби біліктілігін арттырды.

Хабар 24 телеарнасы