426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жаппай улы газ деңгейін тексеретін қондырғылар орнатылуы мүмкін

  • 1014
  • UPD: 23:38, 04.02.2019
Елімізде жаппай улы газ деңгейін тексеретін қондырғылар орнатылуы мүмкін Совет Инженера

Енді бұдан былай баспаналарға улы газ деңгейін тексеретін қондырғы орнату міндеттелуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрлігінің өкілдері осылай деді. Қазір еліміз бойынша 1000-нан астам тұрғын үйде белгі беретін арнайы құралдар орналатылған. «Сол арқылы улы газ деңгейі көтерілген бойда құтқарушыларды шақырып, қайғылы жағдайдың алдын алуға болады», – дейді мамандар. Әсіресе қатты отын жағып, үй жылытатын жеке сектор тұрғындары үшін оның пайдасы зор.

Айта кетейік, бүгін Астанада тілсіз жау салдарынан 5 бала көз жұмып, бүтіндей бір отбасы қара жамылды. Осы оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналардың жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін хабарлады.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Заң бойынша баланы қараусыз қалдырғандар арнайы жауапкершілікке тартылады. Бірақ бұл оқиғаны құқық қорғау органдары жекелей қарайды. Себебі, бүтіндей бір отбасы 5 баладан айырылып жатқанда, ата-ананы жауапкершілікке тарту қатал жаза болады деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы